Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясындағы жұмыстарын ұсынды
14 сәуір 2026 15:42
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясындағы жұмыстарын CIS сарапшыларына ұсынды.
Кездесу барысында 8-сынып оқушылары оқу жылының өне бойына атқарған жұмыстары туралы баяндап, бұл жобаның білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі ретіндегі маңызын атап өтті. Оқушылар сондай-ақ командалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Аталған жобаларды жүзеге асыруда тәлімгерлік жүйесінің рөлі ерекше: 8-сынып оқушыларына 11-сынып оқушылары ментор болды.
«Қоғамға қызмет ету» жобасы оқытудың практикалық бағыттылығын қамтамасыз етіп, оқушылардың жауапкершілігін, ынтымақтастығын және әлеуметтік белсенділігін дамытады.