Жаңалықтар
Ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар
13 сәуір 2026 15:46
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика пәнінің мұғалімдері Ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
Мереке аясында оқушылар тақырыптық викторинаға қатысып, ғарыш туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ мектеп ұжымы арнайы фотозонада естелік суретке түсуге мүмкіндік алды. 9-сынып оқушылары арасында өткен зымырандар байқауы қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Ол жерде оқушылар өз қолдарымен картон мен түрлі-түсті қағаздан зымырандардың үлгілерін құрастырды.