Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-те оқу жылы дәстүрлі «Бауырсақ тоймен» қорытындыланды
02 маусым 2026 13:51
Оқу жылының соңында Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде игі дәстүрге айналған «Бауырсақ той» мерекесі ұйымдастырылды. Бұл мектепішілік мереке 5-12 сынып оқушыларын, олардың ата-аналары мен ұстаздарды бір шаңырақ астында біріктірді.
Бауырсақ той – мектеп өміріндегі ең сүйікті әрі көптен күтікен іс-шаралардың бірі. Мереке күні әр шаңырақ өздерінің ерекше әдісі бойынша бауырсақ дайындап, түрлі пішін мен дәмдегі ұлттық тағамды асқа ұсынды. Мектеп ауласында ақ дастархандар жайылып, оқушылар мен қонақтар бір-біріне дәмнен ауыз тигізіп, әңгіме-дүкен құрды.
Бұл күні бардяқ шаңырақтардың сыныптары өзара ұлттық ойындар ойнап, бірге көңілді уақыт өткізді. Ата-аналар және педагогтермен еркін жағдайда, ортақ дастархан басында әңгімелесіп, жақынырақ танысты.
Осындай ерекше атмосферада өтетін Бауырсақ той жай ғана мерекелік дастархан емес, мектеп қауымдастығының бірлігі мен ынтымағын дәріптейтін айтулы шараға айналып үлгерді.