Жаңалықтар
Петропавлдық NIS оқушылары «ОлиМикс» облыстық чемпионатының жүлдегерлері атанды
01 маусым 2026 13:55
Оқушылар сарайында өткен «ОлиМикс» техникалық шығармашылық шеберлік бойынша облыстық чемпионатта Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары барлық жүлделі орындарды иеленді.
Оқушылар байқауға әскери-инженерлік бағыттағы түрлі жобаларын ұсынды. Қазылар алқасына гидтерден бастап кемелерге дейінгі әзірлемелер ұсынылды.
Чемпионат қорытындысы бойынша 7F сыныбының оқушысы Альфар Тухватуллин бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 9С сыныбының оқушысы Артур Штейнер мен 11D сынып оқушысы Әлихан Жұмабек иеленді. Үшінші орын 8А сынып оқушысы Ерсұлтан Шапашев пен 7G сынып оқушысы Сулейман Тасымовқа бұйырды.