logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS-те қала оқушыларына арналған жазғы мектеп басталды

01 маусым 2026 13:56

1 маусымнан Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жазғы мектеп өз жұмысын бастады. 1–12 маусым аралығында қала мектептерінің оқушылары NIS қабырғасында уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізеді.
Бағдарлама әртүрлі жас ерекшеліктеріне бейімделіп, бірнеше бағытты қамтиды. Бастауыш сынып оқушылары үшін SkyStar Academy жұмыс істейді. Онда оқушылар ағылшын тілі сабақтары (ағылшын тілін білетін шетелдіктермен сөйлесу мүмкіндігі), робототехника, STEM-зертханалар, қыш өнері және арт-студия ұйымдастырылған.
Ал NIS-ке түсуге дайындалып жүрген 5-сынып оқушылары үшін математика, ағылшын тілі, жаратылыстану және сандық сипаттамалар пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде арнайы дайындық бағдарламасы қарастырылған.
Жазғы мектеп балалар үшін тек демалыс емес, жаңа қызығушылықтарды тануға, жаңа достармен танысуға және демалысты мазмұнды әрі шығармашылық сезімде өткізуге мүмкіндік.