logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS-те 2025-2026 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды

29 мамыр 2026 13:59

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Биыл мектепті 12 сыныптардың 108 оқушысы тәмамдады. Олардың алты жылдық оқу, ізденіс, сынақтар мен жетістіктерге толы кезеңді сүрінбей өтті.
Түлектерді мектеп директоры, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры және ата-аналар құттықтады. Сахнадан жүрекжарды тілек пен ақжарма лебіздер айтылды. Өз кезегінде түлектер мектеп пен ұстаздарына шынайы алғыстарын жеткізді. Салтанатты шара дәстүрлі мектеп вальсімен аяқталды.
Сонымен қатар мектептің үздік оқушылары арнайы сертификаттармен марапатталды. Ал «Жыл оқушысы» атағын биылғы түлек Гаухар Әбжан иеленді.
2026 жылғы түлектер жоғары академиялық дайындық деңгейін көрсетіп отыр. 20-дан астам түлек қазірдің өзінде Қазақстан, Қытай, Гонконг, АҚШ, Венгрия, Германия, Италия, Түркия және Ресейдің жетекші университеттерінен гранттар мен шақыртулар алды. Гранттардың ең көп саны еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі — Назарбаев Университетінен берілді.