Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-те жыл сайынғы NIS Challenge 2026 өтті
28 мамыр 2026 14:17
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу жылының ең жарқын іс-шараларының бірі NIS Challenge 2026 ұйымдастырылды. Дәстүрлі шара 7–12 сынып оқушылары мен мектеп түлектерін бір алаңда біріктірді. Alumni NIS қауымдастығы ұйымдастырған кездесуде қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара сайысқа түсті.
NIS Challenge жай ғана зияткерлік жарыс емес. Оқушылар үшін бұл өз қабілеттерін көрсетуге, ерекше тапсырмаларда бақ сынауға және мектеп түлектерімен тікелей қарым-қатынас арқылы жаңа мотивация алуға мүмкіндік береді. Ал түлектер туған мектептеріне оралып, өз тәжірибесін кейінгі буынмен бөлісе алады.
Ойын қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар Alumni NIS атынан брендтік сыйлықтарға ие болды.