Жаңалықтар
Петропавлдық NIS оқушысы Tech for Impact 2026 финалисті атанды
08 қазан 2026 13:51
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Артур Штейнер Tech for Impact 2026 аймақтық бастамасы финалистерінің бестігіне кірді. Байқау аясында Артур егде жастағы адамдарға күнделікті өмірде көмектесуге арналған “HelpMate қарттарға арналған ақылды көмекші” интеллектуалдық роботтандырылған жүйесін ұсынды.
Байқауға барлығы 100-ден астам жоба қатысты. Сараптамалық іріктеу нәтижесінде қысқа тізімге 30 жоба кіріп, олардың бесеуі жеңімпаз деп танылды. Үздік жұмыстардың қатарында Артур Штайнердің жобасы болды. Сыйлық ретінде Артур ноутбукке ие болды. Сонымен қатар оқушы AI&MedTech Day аясында медициналық стартаптар көрмесінде өз жобасын ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде финалистер өз жобаларын жұртшылыққа ұсынды, сонымен қатар тәжірибе бөлісіп, медициналық технологиялар саласындағы басқа да әзірлемелермен танысты. Tech for Impact 2026 жеңімпаздарын ресми марапаттау Digital Bridge аясында ұйымдастырылды.