Жаңалықтар
NIS-тің жас оқырмандары «Оқырман шыңының» шыңдарын бағындыруда
05 қазан 2026 13:59
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6-сынып оқушылары «Оқырман шыңы» желілік жобасына белсенді қатысуда.
Оқу жылының өне бойында мектептің жас оқырмандары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 9 кітап оқуы тиіс. Әр оқылған кітап үшін қатысушылар жаңа шыңды бағындырып, өздерінің оқырмандық жетістіктерін кезең-кезеңімен бағалап отырады. Бүгінде 6-сынып оқушылары Амелия Қасымбекова мен Дастан Мырзабай алғашқы үш кітапты оқып, жобаның үш шыңын сәтті бағындырды. Өз жетістіктері үшін жас оқырмандар сертификатпен және «Батыл оқырман» атағымен марапатталды.