Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-те ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті
05 қазан 2026 14:00
5 қазан - Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің қоғамдастығы үшін ерекше күн. Бұл күні мектептің 100-ден астам мұғалімі өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осынау маңызды мейраммен әріптестерін мектеп директоры Виктор Сосин құттықтап, ұстаздарға кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін Басқарма төрағасының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етті.
Мереке мектеп оқушылары дайындаған салтанатты концертпен жалғасты. Оқушылар сүйікті ұстаздарына деген ыстық ықыласын күй, би мен ән, шығармашылық және көңілді қойылымдар арқылы білдірді. Мерекелік іс-шара мұғалімдерге жүрекжарды лебіздерді жеткізудің тамаша мүмкіндігі болды. Сахна төрінен әр оқушы педагогтерге берген білімі, қолдауы, сыйлыған мүмкіндіктері, шыдамдылығы және күнделікті қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді.