Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-тің дәстүрлі дүйсенбілік жиынында үздік оқушылар мен қызметкерлер марапатталды
05 қазан 2026 14:31
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі таңғы жиында оқуда, зерттеуде, спортта және түрлі қоғамдық жобаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар мен қызметкерлер құрметке ие болды.
Өткен аптада оқушылар NIS-тің намысын қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларда қорғаған брлатын. Олар бірқатар, хакатон және чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Артур Штейнер «Social Impact Kazakhstan» жобасының ақтық кезеңіне шыққаны үшін IELTS және SAT дайындығына сертификаттар алды. Сондай-ақ, Артур Штейнер мен Алан Жулдаспаев Astana Hub ұйымдастырған хакатонға қатысып, үздік техникалық шешім номинациясын иеленді. Томирис Омарова «Digital NORTH» жастар форумы аясында «Жыл зерттеушісі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, Nano Aqua командасының құрамында Томирис Stemkyz CUP 2026 қыздарға арналған STEM жобаларының халықаралық чемпионатында Science, Engineering and Innovation санатында 1-ші орынды иеленді.
Тамерлан Қожахмет Түркияның Стамбул қаласында өткен грэпплингтен әлем чемпионатында 2-ші орынды иеленді. Дария Касен ерлер мен әйелдер арасындағы шахматтан Петропавл чемпионатында 1-ші орынды иеленді.
Мектеп мұғалімдері де жетістікке жетті. Айнұр Закерьянова, Нуриля Балагазинова және Валентина Соболева NIS командасының құрамында “Мұғалім 2026” облыстық спартакиадасында волейболдан 1-ші орынды иеленді.