Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-те «Даналық мерекесі» өтті
01 қазан 2026 14:43
1 қазан – қарттар күніне орай Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Даналық мерекесі» өтті. Дәстүр бойынша мектеп оқушылары білім беру саласында ұзақ жылдар бойы талмай еңбек еткен ардагер ұстаздарды арнайы шақырып, оларға құрмет көрсетті.
Дана әжелер кейінгі толқынның өнерін тамашалап, оқушылардың шығармашылық өнеріне сүйсінді. Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің өмірлік және еңбек жолдары туралы әңгімелеп, өткен жылдарын еске алды. Көп көрген данагөйлер оқушылармен еркін әңгімелесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді. Ал оқушылар үшін бұл кездесу үлкендердің өнегесін тыңдап, аға буынның өмір жолынан тағылым алуға мүмкіндік берді. Жылы жүздесу екі буын өкілдеріне де ерекше қуаныш сыйлап, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен сыйластықтың маңызын тағы бір көрсетті.