logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының спикерін ұлықтау

28 қыркүйек 2026 14:52

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2026-2027 оқу жылындағы Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының спикерін ұлықтау салтанаты өтті. Сайланған спикер Анна Наумочкина ресми түрде өз қызметіне кіріп, барша мектеп өкілдерінің алдында ант берді. Іс-шара аясында оқушылар Парламентінің жаңа толық құрамы да таныстырылды.
Өткен құрамның өкілдері өз өкілеттіктерін жаңа командаға тапсырып, оларға табысты жұмыс және белгіленген бастамаларды сәтті іске асыруды тіледі. Сондай-ақ, жаңа команданы мектеп директоры Виктор Сосин құттықтады. Ол Анна мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелеріне нәтижелі жұмысына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар мектеп басшысы бір жыл ішінде атқарған ауқымды жұмысы мен мектептегі өзін-өзі басқаруға ұйымының дамуына қосқан үлесі үшін алдыңғы құрамға алғысын білдірді.