Жаңалықтар
Мектептің болашақ түлектері өз ағаштарын отырғызды
29 қыркүйек 2026 15:01
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде игі дәстүр жалғасын тапты. 12 сынып оқушылары мектеп ауласына өз ағаштарын отырғызды. Жыл сайын түлектер туған білім ұясындағы оқуын еске алу үшін жас көшеттер отырғызады. Оған қоса ақ қағазға жазған өз тілектерін уақыт капсуласына салып, көшеттің түбіне салады. Ал бес жылдан кейін түлектер қайта оралып, мектеп жылдарын еске алады.
Осынау көңіл толқытарлық оқиғамен балаларды мектеп директоры Виктор Сосин мен немерелерін қолдауға келген түлектердің әжелері құттықтады. Биылғы оқу жылында мектептен 95 оқушы түлеп ұшады. Ал мектеп ауласында олар еккен ағаштар ұзақ уақыт жайқалып тұрмақ.