logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Gale дерекқорын қалай пайдалану керек

24 қыркүйек 2026 15:05

Петропавлдық NIS-тің кітапханасында барлық тоғызыншы сынып оқушыларына арналған пайдалы тренингтер өтті. Кітапханашылар оқушыларға Gale дерекқорын қалай пайдалану керектігі көрсетті.
Бұл платформада 25 тақырыптық бөлім бар, олардың арасында ғылым, әдебиет, орта мектеп материалдары, электронды кітаптар, қолданбалы ғылымдар бойынша интерактивті 3D модельдер және журнал мақалалары бар. Петропавлдық NIS оқушыларына осы сенімді және өзекті материалдардың барлығы қол жетімді. Аталған дерекқор студенттерге сабаққа дайындалуға, үй тапсырмасын орындауға және кез келген деңгейдегі зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.