Мектеп туралы
НЗМ Алматы-Медеу
НЗМ Алматы-Медеу
Алматы қаласы Медеу ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өз қызметін жүзеге асырып келеді.
Оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлемдік білім беру кеңістігінде тиімді жұмыс жүргізу мақсатында мектеп бағдарламасына үш тілде оқыту жобасы енгізілген.
Мектептің стратегиялық әріптесі – Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген «NIS Programme» білім беру бағдарламасы қазақстандық және халықаралық білім беру тәжірибелерін интеграциялауға негізделген.