Жаңалықтар
Виртуалды мектеп
25 қыркүйек 2025 10:16
Виртуалды мектеп – 6-сынып оқушыларын «Өркен» білім беру гранты аясында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына конкурстық іріктеуге дайындайтын тегін білім беру платформасы.
Виртуалды мектептің жұмыс кестесі:
Оқушыларды тіркеу: 2025 жылғы 6 қазан – 8 желтоқсан аралығы,
Пәндер бойынша оқыту, тест тапсырмаларын орындау: 2025 жылғы 13 қазан – 8 желтоқсан аралығы,
Қорытынды тестілеу: 2025 жылғы 1–8 желтоқсан аралығы.
Тіркелу үшін vs.nis.edu.kz сайтына кіріп, «Кіру/Тіркелу» батырмасын басыңыз. «Тіркеулік жазба құру» тармағын таңдап, қажетті деректерді толтырыңыз да, «Сақтау» батырмасын басыңыз. Толық нұсқаулық басты беттегі «Нұсқаулық» бөлімінде орналастырылған.