Жаңалықтар
NIS Алматы-Медеу халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда
22 мамыр 2026 14:29
ҚХР-ға жасалған сапар аясында Бейжің технологиялық институтымен (BIT) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, сондай-ақ Халықаралық экономика және сауда университетімен (UIEB) серіктестік байланыс орнатылды.
Мектеп делегациясы Бейжің қаласында өткен «Жасанды интеллект және білім беру: білім берудің жаңа келбетін қалыптастыру» атты форумға қатысты. Форум барысында биология пәнінің мұғалімі Омашева Мадина Ерболовна NIS жүйесін таныстырып, Қазақстандағы заманауи білім беру тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар делегация Қытайдың жетекші білім беру ұйымдары - Хэпинцзе ауданының №1 орта мектебін, Чэнь Цзинлунь атындағы орта мектебін және Бейжің технологиялық институты жанындағы эксперименттік мектепті аралап, олардың білім беру тәжірибесімен танысты.