logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Алматы-Медеу мектебі мен Корея Республикасы Елшілігінің Білім беру орталығы ынтымақтастықты бастады

10 қыркүйек 2026 14:52

NIS Алматы-Медеу мектебі Корея Республикасы Елшілігінің Білім беру орталығының директоры Ким Хонгхван мырзамен және Орталық өкілдерімен жетінші қыркүйек күні арнайы кездесті. Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Меморандумға қол қойды. Бұдан бөлек, NIS Алматы-Медеу мектебінде корей тілін оқыту жобасын қолдау мақсатында Корея Республикасынан арнайы келген корей тілі мұғалімі Хонг Ха Ён ханым таныстырылды. Енді мектеп оқушылары корей тілін білікті маманның жетекшілігімен меңгеруге мүмкіндік алады.

Бұл жоба–Корея Республикасы Елшілігінің Білім беру орталығы тарапынан мектепте корей тілін оқытуға көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесі. Жаңа ынтымақтастық оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, Корей елінің мәдениетімен жақынырақ танысуына және халықаралық білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады.

Фотогалерея

image-