Жаңалықтар
NIS Алматы-Медеу мектебінің оқушылары First Chemical Battles химия олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
17 қыркүйек 2026 16:54
24–25 тамыз күндері өткен First Chemical Battles химия олимпиадасында мектебіміздің оқушылары теориялық және практикалық кезеңдерден өтіп, өз білімдері мен зертханалық дағдыларын сынады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған жетекші: химия пәнінің мұғалімі Асыл Ержікенұлы. Ал, сайысқа 10-сыныптың келесі оқушылары қатысты: Абзал Руслан, Қуаныш Жоламанов, Арлан Таиров, Сабыржан Іңкәрбек, Амир Нышанбаев. Жарыстың теориялық кезеңі Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде, ал практикалық кезеңі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зертханаларында ұйымдастырылды.
Оқушыларды олимпиадаға дайындаған химия пәнінің мұғалімі Асыл Ержікенұлына алғыс білдіреміз!