Жаңалықтар
NIS Алматы-Медеу оқушылары Тимур Турловпен кездесті
09 қазан 2026 17:43
Алматы қаласы Медеу ауданындағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне белгілі кәсіпкер, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов келді.
Мектепішілік сапар барысында құрметті қонақ мектептің білім беру ортасымен танысып, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларына назар аударды. Мектептің заманауи инфрақұрылымы, оқушылардың академиялық және шығармашылық жетістіктері, сондай-ақ технологиялар мен кәсіпкерлік бағытындағы бастамалары таныстырылды.
Оқушылар қонаққа жасанды интеллект, экология, энергетика, медицина, білім беру және робототехника бағыттарындағы жобаларын таныстыруға мүмкіндік алды. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу арқылы батареяларға арналған материал алу, білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділікті кеңейтетін мобильді қосымша, қозғалысы шектеулі пациенттердің жағдайын бақылауға арналған жүйе және машиналық көру технологияларын қолданатын жобалары бар.
Кездесудің маңызды бөлігі оқушылар қатысуымен өткен ашық диалог болды. Жас зияткерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға, яғни кәсіпкерлік, көшбасшылық, заманауи технологиялар және болашақ мамандықтар туралы пікір алмасты. Кездесу оқушыларға табысқа жетудің, жаңа идеяларды жүзеге асыру және қоғамның дамуына үлес қосу жөнінде ой түюге мүмкіндік берді.
Тимур Турловтың Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті қызметіне сайлануы да кездесуге ерекше мән берді. Шахматтың стратегиялық ойлау қабілетін, зейін мен шешім қабылдау дағдыларын дамытудағы рөлі туралы пікір алмасу жас зияткерлер үшін маңызды болды.
Мұндай кездесулер оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, кәсіби бағдарын қалыптастыруға және өз әлеуетін жүзеге асыруға ынталандырады. Сонымен қатар, олар білім мен тәжірибе алмасуға, болашақ көшбасшылардың жаңа идеялары мен бастамаларына жол ашатын маңызды алаңға айналады.