logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS ұстаздары ауылдық тірек мектептерге тәжірибе таратуды жалғастыруда

02 желтоқсан 2024 10:35

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде ауыл мектептеріне қолдау көрсетіп, тәжірибе тарату мақсатында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін көтеру» жобасы қолға алынған. Аталған жоба бойынша Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS мұғалімдері Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданындағы №4 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейіне және Іле ауданындағы №28 мектеп-гимназиясына барды.

15 қараша және 29 қарашаға жоспарланған бұл оқыту семинарында зияткерлік мектеп директорының орынбасарлары мен қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері тірек мектеп ұстаздары үшін кәсіби әдістемелік шеберлік сағаттар ұйымдастырды. Одан бөлек оқу үдерісінде пайдаланатын құрал-жабдықтарды егжей-тегжейлі үйретіп, теориялық білімді практика жүзінде бекемдеуге, сондай-ақ, практикалық дағдыларын одан әрі дамытуға әдістемелік нұсқаулық беріп, қолдау көрсетті.