Жаңалықтар
Қамқоршылық кеңес отырысы
04 желтоқсан 2024 10:42
4 желтоқсан күні Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те Қамқоршылық Кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес мүшелері зияткерлік мектептің Даму жоспарының орындалуы және көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы жылдық есебі мен өткен оқу жылындағы жұмыстарының қорытындысын тыңдады.
Кеңес отырысының барысында Зияткерлік мектеп директоры Пайзов Ермек Серікұлы қонақтарды Алматы қ. физика-математика бағытындағы NIS базасында бастауыш мектептің ашылу жоспарымен таныстырды.
Өз кезегінде, қамқоршылық кеңес мүшелері жиында айтылған әр мәселе, талқыланған әр түйткіл жауапсыз қалмас үшін ынтымақтастықта жұмыла қызмет етуге ниетті екендіктерін білдірді.