logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Алматылық зияткерлер XVI Еуразиялық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

17 қаңтар 2025 12:58

15 желтоқсанда Алматыда мектеп оқушылары арасында информатика пәнінен XVI Еуразиялық олимпиада өтті. Білім сайысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 230-дан астам оқушы өзара бақ сынады. Олимпиадаға Орталық Азияның 77 командасының қатысуы аймақ жастарының ақпараттық технологиялар саласына деген ерекше қызығушылығының жоғары екенін айқын көрсетті.

Оқушыларымыз аталған жарыста үздік нәтиже көрсетті:

Күміс медаль – Олжас Мусалимов
Қола медальдар – Сағын Жұмаділдаев және Шархад Шариф

Екі күндік байқауда қатысушылардың бағдарламалау, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ алынған білімдерін нақты мәселелерді шешуге қолдануға баса назар аударылды.