Жаңалықтар
«Samgau» түлектер форумы
25 желтоқсан 2024 13:04
25 желтоқсанда зияткерлік мектепте дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып жатқан «Samgau» түлектер форумы өтті.
Күні кеше мектеп қабырғасында біліп алып жүрген зияткерлер – бүгінде белгілі тұлғаларға айналып, еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр. Сол түлектеріміз бүгінгі форумда өздерінің сүйікті мектептеріне қайта оралып, достарымен және ұстаздарымен кездесіп, оқушылармен өздерінің шет елдегі және Қазақстандағы ең беделді деген ЖОО түсу тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңы кішігірім интерактив ойындармен және спикерлік сағаттар өткізген түлектер мен оқушыларды марапаттаумен түйінделді.