Жаңалықтар
Зияткерлер халықаралық өнер байқауында топ жарды
28 желтоқсан 2024 13:07
Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары Халықаралық «JAÑA-TALANT» өнер байқауында топ жарды. 12-сынып оқушысы Тұрсынбай Дулат және 9-сынып оқушысы Баубеков Диар аталған беделді жарыстың Аспапта ойнау номинациясы бойынша Гран-При иегерлері атанып, 2025 жылы Еуропада өтетін байқауға жолдаманы жеңіп алды.
Зияткерлік мектеп ұжымы талантты оқушыларды жетістігімен құттықтайды және жетекшісі Қауысбаева Мөлдір Қайырғалиқызына алғыс білдіреді!