Жаңалықтар
Желілік дебат турниріндегі жеңіс
28 желтоқсан 2024 13:11
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика-математика бағытындағы оқушылары NIS оқушылары арасында өткен бірінші желілік дебаттар турнирінде 1-орынға ие болды.
«Phoenix» командасы сыни ойлау, дәлелдер келтіру және ағылшын тілін еркін меңгеру деңгейін жоғары көрсетті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы базасында өткен турнирге 110 оқушы қатысып, әлемдік мәселелерді талдау мен ойларын ағылшын тілінде жеткізуде өз дағдыларын сәтті көрсетті.
Турнирдің басты мақсаты – оқушылардың әлемдік мәселелерді талдай алу қабілетін дамыту және өз ойларын ағылшын тілінде дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.