Жаңалықтар
NIS оқушылары VEX Robotics Showcase Event жарысында жеңіске жетті
12 қаңтар 2025 13:15
2025 жылдың 11-12 қаңтарында Астана қаласында өткен «Milestone&Skillset VEX Robotics Showcase Event» робототехника чемпионатында Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің физика-математика бағытындағы 10-сынып оқушылары қатысып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:
Жанділдаұлы Әлімжан
Райсбек Едиге
Амангелді Олжас
Бименов Бексұлтан
Оқушылар командасы сайыстың басты жүлдесін ұтып, VEX V5 категориясында «Excellence Award» номинациясын иеленді. Жеңіс нәтижесінде командаға 2025 жылдың наурыз айында Айова штаты, Қаунсил-Блафс қаласында өтетін U.S. Open Tournament ашық чемпионатына қатысуға шақыру берілді.
Талантты оқушыларымызды тамаша жетістігімен құттықтап, команданы дайындаған жаттықтырушысы Дулат Байтуленовке кәсібилігі мен команданы даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.