Жаңалықтар
Daryn FIRST Championship жеңімпаздары
10 қаңтар 2025 14:08
8-9 қаңтарда Қаскелеңде еліміздегі ең ірі аймақтық робототехника фестивалі – Daryn FIRST Championship өтті. Бұл шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарын», USTEM Foundation қоғамдық қоры және SDU университеті ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстанның мамандандырылған білім беру мекемелерінен 1200-ден астам оқушы қатысты.
Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника саласындағы білімдері мен дағдыларын халықаралық FIRST бағдарламасының төрт санатында көрсетті.
Біздің мектептен фестивальға 5 команда қатысты, әрқайсысы тамаша нәтижелер мен командалық рухты көрсетті:
FTC категориясында: «Cristabol» және «Yun» FLL категориясында: «Novaprime», «CyberX» және «Sakura»
«Cristabol» командасы бірнеше номинацияда жеңіске жетіп, лайықты танылды: Finalist Alliance Captain Inspire Award — 3-орын
«Novaprime» командасы Innovation Project Award — Finalist номинациясын жеңіп алды. Ал «Sakura» командасы Breakthrough Award номинациясымен ерекше даму мен инновациялық жетістіктері үшін марапатталды!
Фестиваль нәтижелері бойынша, мектебіміздің екі командасы: FTC категориясында – «Cristabol», FLL категориясында – «Novaprime», 2025 жылы ақпанда Алматыда өтетін Central Asia FIRST Championship-қа қатысуға квота ұтып алды!
Біздің оқушыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және олардың алда одан да жарқын жеңістер мен жетістіктерге жететініне сенімдіміз!