logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

2025 жылғы Республикалық желілік олимпиаданың жеңімпаздары

13 қаңтар 2025 14:21

Назарбаев Зияткерлік мектептері базасында 9-12 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың III кезеңі (желілік) аяқталды. 1000-нан аса қатысушы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білімдерін көрсетті.

Республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің қорытындысы бойынша Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен қатысқан оқушылардың 59-ы жүлделі орынға ие болды. Оның он бесі алтын, он тоғызы күміс, жиырма бесі қола жүлделер.

Қазылар алқасының құрамында жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болды.

Оқушыларымызды жетістігімен құттықтаймыз және оларға жетекшілік еткен зияткерлік мектеп мұғалімдеріне алғыс білдіреміз!