Жаңалықтар
NIS Алматы оқушылары шахматтан желілік спартакиадада жүлделі орындар иеленді
21 қараша 2024 11:15
lichess.org платформасында Назарбаев Интеллектуалды мектептері арасында шахматтан желілік спартакиада өтті. Сайысқа 21 мектеп, соның ішінде Астана Халықаралық мектебі қатысты.

Биылғы жылы жарысқа 180-ден астам оқушы үш жас категориясы бойынша қатысты. Бұл сайыста тәжірибелі ойыншылар мен жаңадан бастаған шахматшылар да бақ сынады.
Алматы қаласындағы Назарбаев Интеллектуалды физика-математика бағытындағы мектептің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Ұлдар арасындағы жеке есеп (7-9 сыныптар):
2 орын – Алдияр Жарас
3 орын – Бекарыс Сайлау
Қыздар арасындағы жеке есеп (10-12 сыныптар):
2 орын – Елдана Калиахамет
Ұлдар арасындағы жеке есеп (10-12 сыныптар):
3 орын – Толеген Болыс
Сайыс онлайн форматта өтіп, қатысушылар өздерінің стратегиялық ойлау қабілетін және шахмат дағдыларын виртуалды шахмат тақтасында көрсетті.
Жүлдегерлерді құттықтап, барша қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!