Хабарландырулар
NIS Виртуалды мектебі 6-сынып оқушыларын шақырады!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларына арналған Виртуалды мектепті іске қосады.
Виртуалды мектеп – бұл тегін онлайн-білім беру алаңы. Жобаның мақсаты – оқушыларға пәндік білімдерін тереңдетуге, оқу материалын бекітуге және өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру.
Жұмыс кестесі
Тіркеу: 2025 ж. 6 қазан – 8 желтоқсан
Оқыту және ағымдағы тесттер: 2025 ж. 13 қазан – 8 желтоқсан
Қорытынды тестілеу: 2025 ж. 1 – 8 желтоқсан
Тіркеу нұсқаулығы
1. Сайтқа өтіңіз 👉 vs.nis.edu.kz
2. «Оқушыны тіркеу» батырмасын басыңыз
3. Деректерді толтырыңыз (Аты-жөні, мектеп, байланыс)
4. Логин мен құпиясөз ойлап табыңыз
5. Тіркеуді растаңыз және оқуды бастаңыз
Сабақтар мен тесттер қазақ және орыс тілдерінде онлайн қолжетімді.