Жаңалықтар
ӘЛЕМДІК САХНАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС: PID АҚШ-тан жеңіспен оралды
23 сәуір 2025 16:14
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің PID
жас инженерлер командасы АҚШ-та өткен FIRST CHAMPIONSHIP-2025 әлемдік
чемпионатының жеңіс тұғырын бағындырды🏆
2025 жылдың 16-19 сәуір аралығында АҚШ-тың Хьюстон қаласында FIRST CHAMPIONSHIP робототехника бойынша әлем чемпионаты өтті. Бұл шараға 110 елден келген 1000-нан астам команда мен 50 000-нан астам қатысушы жиналды.
PID командасы Қазақстанның бұл чемпионатқа қатысу тарихында алғаш рет өз санатында финалға шығып, FINALIST AWARD — 2024-2025 FIRST Championship Franklin Division Finalist жоғары марапатына ие болды.
Сонымен қатар, ерекше командалық рухы және робототехника саласындағы жаһандық қауымдастықты дамытуға қосқан үлесі үшін MOTIVATE AWARD — 2024-2025 FIRST Championship Franklin Division Winner номинациясында I орынды жеңіп
алды.
PID команданың тренерлері- Айбек Қалабай мен Ясинжан Шақан