logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары “DIGITAL ALMATY-2025” халықаралық форумының номинация жеңімпаздары атанды

03 ақпан 2025 16:59

♻️Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-тің «Point» пен «PID» робототехника командалары «DIGITAL ALMATY-2025» халықаралық форумның аясында өткен «Digital Ministry Cup» робототехника біріншілігінде айтулы жеңістерге қол жеткізді. Зияткерлер №208 қалалық мектеп-гимназиясының оқушыларымен бірлесіп құрған «POINT» командасы «Winning alliance partner» номинациясының иегері атанып Кипрде өтетін континенталдық біріншілікке жолдама ұтып алды. Сонымен қатар 500000 теңгелік сертификатқа қол жеткізді.

«PID» командаға «Finalist alliance captain» номинациясы және 300 000 теңгелік сертификат табысталды. Зияткерлік мектептің директоры Мәслихат Зәмірбекқызы оқушыларды және жетекшілерін- информатика пәні мұғалімі Ясинжан Шақан мен NIS Engineering Lab жетекшісі Айбек Қалабайды жеңіспен құттықтап, жүлделі серитфикаттарын табыстады.