Жаңалықтар
NIS түлегі ҚР Президентінің қабылдауында болды
12 тамыз 2025 12:16
Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS түлегі Еңлік Бақытбекова Мемлекет Басшысымен кездесті
Ақорда резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пәндік олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті.
Айтулы оқиғаға Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS түлегі, Дубай
қаласында өткен 57-ші Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) күміс жүлдегері
Еңлік Бақытбекова қатысты.
Мемлекет басшысы химия, математика, физика, география, информатика, биология пәндері бойынша өткен беделді халықаралық олимпиадалардың 24 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңіспен қүттықтап ақшалай сыйақы сертификаттарын табыс етті: алтын медаль игерлеріне – 1500, күміс жүлдегерлеріне – 1000, қола медаль үшін – 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Президент оқушылардың жарқын жетістіктері қажырлы еңбек пен жоғары дайындықтың нәтижесі екенін атап өтті.
Еңлік Бақытбекова 9-сыныптан Зияткерлік мектебінің олимпиада командасының мүшесі ретінде түрлі жетістіктерге қол жеткізді. Беделді халықаралық TYUMAADA олимпиадасының алтын, қола алқаларының иегері, "Дарын"Республикалық пәндік олимпиадасының үш дүркін жүлдегері.