logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Болашақ ұстаздар Зияткерлік мектебінде педагогикалық тәжірибеде

21 қазан 2025 15:12

Алматы қаласы   Наурызбай ауданындағы NIS-те  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері педагогикалық тәжірибесін бастады.

NIS директорының орынбасары Манашева В.К. болашақ педагогтарға «Заманауи оқыту тәсілдері» тақырыбында семинар өткізіп, Зияткерлік мектептегі білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен таныстырды. Студенттер алғашқы әсерлерімен бөлісіп, тәжірибеден күтетін мақсат-міндеттерін де атап өтті.

Бір айға созылатын тәжірибе барысында студенттер сабақтарға қатысып, заманауи оқыту әдістемелерін меңгеріп, тәжірибелі ұстаздардың кәсіби бағыт-бағдарымен танысады. Физика, химия және биология пәндері бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіп, теориялық білімдерін іс жүзінде бекітеді.

Әр студентке пән мұғалімдері бекітіліп, менторлық қолдау көрсетіледі. Педагогикалық тәжірибе болашақ ұстаздарға мұғалімдік жауапкершілікті сезінуге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп отыр.