logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Президенттік олимпиаданың алтын медалі- NIS қоржынында

25 қараша 2025 16:54



Алматы- Наурызбай Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ильяс Узаков 17–21 қараша күндері елордада өткен жаратылыстану-математика бағытындағы XVIII Президенттік олимпиадада жеңімпаз атанып алтын медаль иеленді.

Республикалық сайыстың қатысушылары алдында негізгі пәндер бойынша күрделі тапсырмаларды орындап, практикалық дағдыларын көрсету талабы қойылады.

Ильяс химия, биология, физика және математика пәндері бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы ұпай саны бойынша білім додасының үздік үштігіне кірді.

Республикалық сайысқа НЗМ жүйесінен 18 оқушы қатысып жалпы есепте 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Ильясты және пән мұғалімдері Мергенбаева М.Қ., Боханова Н.С, Кемал Б.Ғ., А.М.Асқарованы айтулы жетістікпен құттықтаймыз.