Жаңалықтар
Зияткерлер "Дарын" республикалық олимпиадасының желілік кезеңінде 32 жүлделі орынға ие болды
13 қаңтар 2026 11:41
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен «Дарын» республикалық олимпиадасының желілік кезеңінде Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 32 жүлделі орынға ие болды.
Нәтижелер бойынша:
I орын – 5 оқушы,
II орын – 11 оқушы,
III орын – 16 оқушы.
Зияткерлік мектеп оқушылары информатика, математика, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдері пәндері бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл жетістік — оқушылардың табанды еңбегі мен мұғалімдердің кәсіби дайындығының айқын көрінісі.
Жеңімпаздар мен жетекші ұстаздарды құттықтаймыз және алдағы білім додаларында толағай табыс тілейміз.