logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

MUN IEХ-2026 форумы қазақстандық оқушыларды бір алаңға жинады

09 қаңтар 2026 11:29

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы  NIS-те «Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі бойынша оқушылардың екінші MUN IEХ 2026 конференциясы өтті. Зияткерлер арасында ынтымақты нығайтуға бағытталған қазіргі заманда әлемді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылайтын интеллектуалдық пікірталас алаңы болып қалыптасқан шараға  еліміздің 15 Зияткерлік мектептерінен  және Алматы қаласынан 15 халықаралық және жалпы білім беретін мектептерінен  250 делегат жиналып, БҰҰ моделінің комитеттерінде жұмыс жасады.

   Форум екі күнге жалғасып нәтижесінде үздік делегаттар номинация иегерлері атанды, әр комитеттің chair және көмекшілері сертификаттармен марапатталды. 

MUN IEХ - 2026 оқушылардың арасында ауқымды форум ретінде танылып екінші рет NIS қабырғасында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар Алматы-Наурызбай НЗМ-нің 12 сынып оқушысы Амантай Ақниет жетекшілігімен  мектепшіл «LEGACY MUN CLUB».