logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Төтенше жағдайға дайын болу өмірді құтқарады

26 ақпан 2026 16:08

       

25 ақпанда Алматы–Наурызбай NIS-інде Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарымен кездесу өтті.Оқушылар мен ұстаздар үшін шынайы өмірден алынған кейстер, кез келген сәтте өзіңнің де, өзгенің де өмірін сақтап қалуға көмектесетін маңызды практикалық дағдылар көрсетілді.

Мектеп қауымы жер сілкінісі, өрт және су тасқыны кезінде дұрыс әрі сабырлы әрекет ету жолдарын меңгерді. Жедел қызметтер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмдерін тәжірибе жүзінде пысықтап, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану тәсілдерін үйренді.

Оқушылар өрт сөндіру құрылғылары мен алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерінің көрсетіліміне ерекше қызығушылық танытты, арнайы құрал-жабдықтарды жақыннан көріп,  пайдалану ережелерімен танысты.

Бұл шара  қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, төтенше жағдай кезінде сауатты әрекет етуге баулиды.