logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Зияткерлер INFOMATRIX ASIA-2026 Халықаралық байқауында топ жарды

30 наурыз 2026 10:28


Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің оқушылары Елордада өткен INFOMATRIX ASIA-2026 халықаралық байқауында топ жарып жүлделі орындарға ие болды.

Екі команда І орын алып, жеңімпаз атанды:
10-сынып оқушылары Қыдырбай Дархан мен Айдынұлы Болат. Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Шолпан Абишева  
10 сынып оқушылары Байганин Азамат, Оңласын Нұрали,
Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Ернур Чакенов.

Екі команда ІІ орынға ие болды:
9-сынып оқушысы Алиширов Имран. Жетекшісі: химия пәні мұғалімі Сабина Байсақалқызы, және 10-сынып оқушысы Әбдіраш Абзал, жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Мақпал Мұқанова.

ІІІ жүлделі орынды 10-сынып оқушысы Сакиев Тимур, жетекшісі: биология пәні мұғалімі Арыстанова Гульжихан.
Және 11-сынып оқушысы Шохан Сания иеленді.

 Infomatrix Asia -2026 алаңында 10 елден 250 команда бақ сынады. Айта кету керек іріктеу кезеңдерінде 21 елден  1135 оқушы додаға түскен болатын.