Жаңалықтар
Зияткерлердің «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауындағы жарқын жеңісі
27 ақпан 2026 15:07
Алматы -Наурызбай NIS оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауында үздіктер қатарынан табылды.
Байқауға NIS командасының құрамында Алматы-Наурызбай Зияткерлік мектебінен 3 жоба сайысқа түсті. 2 жоба авторлары топ жарып жүлделі орындарға ие болды:
12-сынып оқушысы Санжар Қабыл информатикадан «Модульділік пен қауымдастықтарды анықтауды пайдалана отырып, минималды доминантты жиын есебіне арналған эвристикалық алгоритм» жобасымен II орын алып күміс жүлдегер атанды. Зияткерге «NARХOZ university» толық оқу грантын табыстады.
10 «D» сынып оқушылары Дархан Қыдырбай мен Болат Айдынұлы “An innovative method for purityng water” жобасымен қола жүлдегерлері атанды.
Жоба жетекшілері: информатика пәні мұғалімі Шақан Я., химия пәні мұғалімі Әбішева Ш.Ш.
Ғылым жолындағы әр қадам — болашаққа жасалған нық қадам!