Жаңалықтар
NIS &KBTU: Ғылым әлеміне саяхат
07 сәуір 2026 10:06
Алматы-Наурызбай NIS-те мектептің Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында оңтүстік астананың жоғары оқу орындарына workshop бастау алды. Шара аясында 9-сынып оқушылары КБТУ-ға экскурсияға барып, ғылым мен технология әлеміне саяхат жасады.
Зияткерлер университет зертханаларында мектепте алған білімдерінің нақты ғылыммен және өндіріс саласымен тығыз байланысты екеніне көз жеткізді, ғылыми идеялардың практикалық шешімдерге, болашақ стартаптарға қалай айналатынын түсінді.
«Менің кіші отаным» зерттеу жобасы аясында нанотехнологиялар мен баламалы энергия көздері зертханасында профессордың берген дәрісі оқушыларда үлкен қызығушылық тудырды. Жел турбиналары, күн панельдері, су тазартқыш құрылғылары туралы құнды ақпарат берілді.
Тәжірибелік сағаттарда оқушылар кенді басқа металдардан тазарту процесін өз көздерімен көріп, химиялық элементтердің пайыздық құрамын анықтау әдістерімен танысты, робототехника зертханасында роботтар өмірде қандай шынайы пайда әкеліп жатқанын көрді.
Үлкен ғылымға апарар жол NIS-тен басталады.