Жаңалықтар
Республикалық жас физиктер байқауының Бас жүлдесі- NIS қоржынында
22 мамыр 2026 15:09
Еліміздің физика пәні мұғалімдері арасында өткен республикалық шығармашылық байқауда Алматы-Наурызбай Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Ернұр Чакенов І орын иеленіп, байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.
Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби беделін арттыру, шығармашыл әрі дарынды жас педагогтерді анықтап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауда республиканың түкпір-түкпірінен келген үздік ұстаздар заманауи білім беру әдістерін, физикалық таспырмаларды шешу дағдыларын және педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Ернұр Ерланұлы Зияткерлік мектепте бес жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында ол дарынды оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға бағыттап, олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға ерекше үлес қосып жүр. Сонымен қатар, шәкірттері мен өзі түрлі республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп мерейін асқақтатуда.
Бұл жетістік – мұғалімнің үздіксіз ізденісі мен кәсіби дамуының, білім сапасын арттыру жолындағы қажырлы еңбегінің айқын дәлелі.