logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Соңғы қоңырау сыңғырлаған сәт – жүректе мәңгі сақталар естелік…

01 маусым 2026 14:38

Алматы қаласындағы Наурызбай NIS-те 251 жас түлектің қолында соңғы қоңырау сыңғырлады. Дәстүр бойынша бір сәтте әсем әуезбен естілген қоңырау үні оқушыларға кезекті оқу жылының аяқталғанын білдірсе, мектеп бітіруші түлектер үшін алтын ұя мектебімен қимастықпен қоштасудың ерекше белгісіне айналды.

Биыл білім ордасынан қанат қағып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған 12-сынып оқушыларының айтулы жетістіктері аталып, олар ыстық ықыласпен ортаға шақырылды. Түлектер қатарында «Алтын белгіге» үміткер  мен 30 ерекше үлгідегі аттестат иегерлері бар екенін зор мақтанышпен айтуға болады.

Салтанатты шеруді жыл бойы халықаралық, республикалық және желілік олимпиадаларда, түрлі байқаулар мен сайыстарда топ жарып, үздіктер қатарынан көрінген зияткер оқушылар жалғастырды. Олардың жеңістері – мектеп мерейі мен ұстаздар еңбегінің жемісі.

Мерекелік жиында NIS директоры Маслихат Зәмірбекқызы мектеп қауымдастығын оқу жылының аяқтаулымен құттықтап жас түлектерге ақ жол тіледі.

Дәстүрлі «Жұлдызды шеруді» жыл қорытындысы бойынша үздік шаңырақ атанған «Медеу» шаңырағы қорытындылады.

Соңғы қоңырау салтанаты зияткерлердің өнерімен айшықталды.   7-сынып оқушыларынан құралған жетігенші қыздар ансамблі «Кербез» күйін орындаса, хореографиялық топ «Жастар» биін тарту етті. Вокалистердің әсем әндері де мерекенің сәнін кіргізді.

Кеш соңында түлектердің әсерлі «Соңғы вальсі» орындалып, жүректерге толқыныс сыйлаған салтанатты шара өз мәресіне жетті.

 

Фотогалерея

image-
image-