logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Зияткерлік мектепте жазғы мектеп бастау алды

01 маусым 2026 15:13

1 маусымнан бастап Алматы-Наурызбай NIS базасында Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Екі апта бойы қаладағы 4–5-сынып оқушылары үшін Зияткерлік мектеп мұғалімдері математика, ағылшын, орыс және қазақ тілдері, жаратылыстану мен логика пәндерінен қызықты да танымдық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар оқушыларды түрлі зияткерлік ойындар, спорттық іс-шаралар және «Арт-терапия» арқылы өнер әлемінің қыр-сырымен таныстыратын шығармашылық сабақтар күтуде.

Жазғы мектеп – каникулды тиімді өткізудің ғана емес, жаңа білім мен тың жаңалықтарға жол ашатын, достық қарым-қатынас орнатып, жарқын әсер сыйлайтын ерекше орта. Мұндағы әр күн қызықты ізденістерге, шығармашылыққа, жаңа тәжірибелерге және қуанышты сәттерге толы.

Жас қатысушыларымызға көтеріңкі көңіл күйге толы, есте қаларлықтай жаз мезгілін тілейміз! NIS қабырғасында өткізген әрбір күн олардың үлкен жетістіктерге бастар алғашқы қадамына айналып, жаңа белестерді бағындыруға шабыт берсін!