logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Алматы-Наурызбай CIS қайта аккредиттеуінен сәтті өтті

17 маусым 2026 12:04

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі білім беру саласындағы үздік әлемдік стандарттарға сәйкестігін растап, Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) қайта аккредиттеуінен сәтті өткені туралы ресми сертификат алды.

 Халықаралық сараптау комиссиясы мектептегі оқыту сапасын, бағалау жүйесін, қауіпсіздік талаптарының сақталуын, білім алушылар үшін қолайлы әрі психологиялық тұрғыдан жайлы орта (well-being) қалыптастыру деңгейін, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын жоғары бағалады.

 Өз қызметінде NIS сапалы білім беру қағидаттарына және оқытудың инновациялық тәсілдерін дамытуға берік ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 Қайта аккредиттеу рәсімі аясында CIS сараптау комиссиясының ресми сапары 2026 жылдың сәуір айында өтті.