Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау жаңа оқу жылын бастады
02 қыркүйек 2026 09:00
Алматы-Наурызбай Зияткерлік мектебінде 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау салтанатты мерекесі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы аясында ұйымдастырылды.
Биыл NIS отбасына 179 жетінші сынып оқушысы қосылды. Жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды «NIS» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасов құттықтады. Сабыржан Өміртайұлы NIS Алматы-Наурызбайдың 2025–2026 оқу жылындағы маңызды жетістіктеріне тоқталып, кәсіби табыстары мен NIS-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін үздік педагогтерге Алғыс хат табыстады.
Мектеп директоры Маслихат Зәмірбекқызы мектеп қауымдастығына жаңа оқу жылында сәттілік пен толағай табыс тілеп, өткен оқу жылындағы басты жетістіктердің бірі — CIS реаккредитациясынан сәтті өткенін атап өтті.
Жарқын флешмоб пен 179 жетінші сынып оқушысының қолында бір мезетте соғылған алғашқы қоңырау NIS Алматы-Наурызбайда жаңа оқу жылына бастау берді.
Жаңа оқу жылы жаңа білімге, жарқын жетістіктерге және үлкен жеңістерге толы болсын!