logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары АҚШ-тан жүлдемен оралды

16 маусым 2026 10:23

🌱Американың Rochester қаласында (шт.Нью-Йорк) өткен Genius Olympiad-2026 дүниежүзілік экологиялық жобалар байқауында NIS Алматы-Наурызбай оқушылары Тимур Сакиев, Зере Нұрбол, Ализа Стыбаева топ жарып күміс медаль иегерлері атанды.

Әлемнің 80 елінің өкілдері қатысқан беделді додада зияткерлер жаһандық экологияның болашағына қатысты өз көзқарастарын ұсынды.

10-сынып оқушысы Тимур Сакиев AI бағытында,

11-сынып оқушылары Зере Нұрбол мен Ализа Стыбаева “Entrepreneurship” бағытында үздік атанып, ІІ орын жеңіп алды.

Олимпиаданың серіктесі Rochester Institute of Technology (RIT) күміс жүлдегерлерге бакалавр бағдарламасының студенті атанған жағдайда жылда $18 000-$20 000 көлемде стипендия табыстап отырады.

#nis #нзм #nisalmaty #geniusolympiad