Жаңалықтар
Физикадан халықаралық турнирде зияткерлер күміс медаль иеленді
09 қыркүйек 2026 11:02
NIS Алматы-Наурызбай мектебінің 9-сынып оқушылары Сихаев Алан мен Сыбайлас Заманбек Almaty Physics Battles (APhB) – 2026 халықаралық физика турнирінде күміс медаль иеленді.
APhB – олимпиадалық физика есептерін шешуге, өз шешімін қорғауға және қарсыластарының шешімдерін талдауға бағытталған командалық жарыс. Турнирдің бұл форматы оқушылардан терең біліммен қатар, логикалық ойлау, дәлелдеу және командалық жұмыс қабілетін талап етеді.
Оқушыларымыздың халықаралық деңгейдегі бұл жетістігі физикаға деген қызығушылығы мен табанды еңбегінің нәтижесі.
Алан мен Заманбекті жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңдер!